ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Төлем терминалынан ақша ұрлаған шымкенттік ұсталды

Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде

Шымкентте азық-түлік дүкенінде «Касса 24» төлем терминал аппаратын бұзып, ішіндегі 38 мың теңгесін ұрлаған азамат ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 13 сәуірінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық Полиция басқармасының «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз біреу Шымкент қаласында орналасқан азық-түлік дүкенінің есігін бұзу арқылы кіріп, ішінен «Касса 24» төлем терминал аппаратын бұзып, ішіндегі 38 мың теңгесін ұрлап кеткенін көрсеткен.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Кинология қызмет орталығының «Грэй» қызмет итімен және Еңбекші аудандық Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 24 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.