ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Бөгенбай даңғылы бойында төбелескен екі жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жанжалдың себебі - олар бір-біріне жол бермеген

Нұр-Сұлтана қаласы Полиция департаменті қызметкерлері мониторинг жүргізу барысында Бөгенбай даңғылы бойында төбелескен «Газель» және «Mercedes» жүргізушілерін анықтады. Жанжалдың себебі - олар бір-біріне жол бермей, балағат сөздер айтқан.

«Төбелеске қатысқандардың бәрі анықталып, полицияға жеткізілді. Аталған фактіге қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы ПД хабарламасында.

Бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу – екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.