ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты өртенді деген ақпарат жалған болып шықты

«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі оқиғаға қатысты пікір білдірді

Фото: ашық дереккөзден

Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында өрт болған жоқ. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісіне  мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі мәлім етті. 

«2021 жылдың 10 қаңтар күні  сағат 18:25-те электржарығын беру бойынша қиындықтар туындап, яғни, KEGOC ішкі байланысы жағынан электр жарығы сөне бастап, сағат 21:31-де  «АМӨЗ» ЖШС технологиялық қондырғыларының сорғы және компрессорлық жабдықтары тоқтады. Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында қысымның бақылаусыз жоғарылауы түрінде отын газы факел жүйесіне бағытталды. Барлық іс-әрекеттер қауіпсіз тоқтату рәсімдері бойынша технологиялық регламентке сәйкес жүргізілді. Зауыттың сыртқы энергия жүйесі тұрақтанғаннан кейін технологиялық қондырғылар пайдалану режиміне шығарылады. Мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту жоспарға сәйкес, бұрын жинақталған компоненттер есебінен жүргізілуде.Атырау МӨЗ аталмыш жағдайды бақылауда ұстап отыр», - деді мұнай өңдеу зауытының ресми өкілі. 

Айта кетейік, бүгін, 11 қаңтарға қараған түні бірқатар отандық БАҚ пен әлеуметтік желілерде «Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты өртке оранғаны» туралы видео ақпараттар тараған еді.