ШұғылАналық капитал: депутаттар дүниеге келген әр сәбиге 4,2 млн теңге төлеуді ұсынды

Алматы облысында заңсыз жұмыс істеген казино анықталды

Оны ұйымдастырушылар шартты түрде төрт жылға бас бостандығынан айырылды

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында заңсыз онлайн-ойынханалардың үлкен желісін ұйымдастырушылар сотталды. Үш кәсіпкер Талдықорған, Жаркент қалаларында және Балпық-Би ауылында ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Заңсыз казино ашқандар 134 миллион теңге пайда тапқан, деп мәлім етті Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Ақпарат бойынша, сотталушылар казиноны заңды букмекерлік контора ретінде көрсеткен.

«2017 жылдың мамыр айынан бастап 2019 жылға дейін Талдықорған, Жаркент және Балпық-би аумақтарында олар заңсыз ойынханалар ашқан. Жалпы кіріс сомасы 134 миллион теңгені құраған. Жедел іс-шаралар нәтижесінде 70-ке жуық ойын жабдықтары заңсыз айналымнан алынды», - делінген хабарламада.

Талдықорған қалалық соты казино ұйымдастырушылардың әрқайсысын шартты түрде төрт жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Олар Қазақстан Қылмыстық кодексінің 307 бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды.