06.08.2024, 12:13
Үкімет
Саясат Нұрбек қай университет студенттерінің жеке дерегі тарап кеткенін айтты
Қазір тексеріс жүргізілуде
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттердің жеке мәліметі тарап кеткен университетті атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Кибершабуылдарды сараптау орталығының мәліметінше, Семейдегі Шәкәрім атындағы университет студенттерінің жеке мәліметтері telegram арнасы арқылы тарап кеткен. Ол бойынша ішкі тексеріс жүргізіліп жатыр. ЖОО біздің стандарттарымызға қатысты аудиттен өтеді. Оның қорытындысы бойынша университет ақпарат береді»,- деді Саясат Нұрбек.
Оның айтуынша, барлық қажетті маман тартылған.
«Нақтыланған дерек жоқ. Бірақ осы тексерістің қорытындысы бойынша белгілі болады»,- деді министр.
Көп оқылған
13.09.2026, 21:23
«Күліп жүрген адамның бәрі бақытты емес»: танымал әнші басына түскен ауыр жағдайды айтты (ВИДЕО)
13.09.2026, 17:34
Өз үйін шатастырып алған: Қосшыда тұрғындардың мазасын алған 46 жастағы азамат ұсталды
13.09.2026, 13:15
Астанада шетелдік блогермен видеоға түскен полицейлер жұмыстан қуылды
13.09.2026, 07:27
Головкин әлемдік спорт қауымдастығында тағы бір қызметке сайланды
13.09.2026, 20:16
Өскеменде Ертіс өзеніне секіріп кеткен ер адамның мәйіті бірнеше аптадан соң табылды
13.09.2026, 23:07
Семейде әйел адамның аяғы эскалаторға қысылып қалды (ВИДЕО)