Оқушылар сырттағы ескі дәретханаға барады: Ғани Бейсембаев олардың 10 аулада ғана қалғанын айтты

Аягөз Құрмаш

Министр бұл мәселені шешу пысықталып жатыр деді 

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептің сыртындағы дәретханалар жайы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«3 жыл бұрын даладағы дәретхана саны 3 мыңнан артық болды. Бүгінгі таңда біздегі мәлімет бойынша, оқу жылының алдында 10 ауладағы дәретхана қалды. Ол - шалғайдағы ауылдар. Біз бұл мәселені қалай шешетінімізді пысықтап жатырмыз.

Яғни, Түркістан облысындағы 10 дәретхана сыртта орналасқан. Бұл мәселені әкімдікпен шешеміз. Ол шалғайда орналасқан мектепте 50 оқушы білім алады»,- деді Бейсембаев.

Айта кетерлігі, білім беру объектілерінің 70%-ы маңындағы жол инфрақұрылымы қауіпсіздік нормаларына сәйкес келтірілді. Дегенмен, қалған 30%-ы қауіпсіздік нормаларына сай емес екені белгілі болды. 

Бағдаршамдар, жасанды кедергілер, жол белгілері, қоршаулар мен автотұрақтардың болуы міндетті. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.