«Асханалары жоқ»: министр шалғайдағы мектептер тамақпен қалай қамтылатынын айтты

Аягөз Құрмаш

Ол кейбір асханалар жаңартылатынын жеткізді

«Асханалары жоқ»: министр шалғайдағы мектептер тамақпен қалай қамтылатынын айтты

Үкіметтегі баспасөз конференциясында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев шалғай ауылдағы балалар қалай аспен қамтылатыны туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Кейбір аймақта 10-20, 50 оқушыдан білім алатын шағын жинақты мектептер бар. Ол жерде спортзал мен асхана жоқ. Ол - шалғай ауылдардағы мектептер. Асханасы болмаса да, трейдинг сияқты әдіс-тәсілдермен аспен қамту мәселесін шешіп отырмыз. Бұл мәселе әрі қарай жалғаса береді», - дейді министр.

Оның айтуынша, асханалары бар, алайда жаңартуды қажет ететін мектептер де бар.

«Асханаларды жаңғырту мәселесі бірқатар бағдарлама аясында жүзеге асырылды. Кейбір кәсіпкерлер асханаларды жаңғырту мәселесін өз еріктерімен жүзеге асырып жатыр»,- дейді Бейсембаев. 

Бұған дейін министр мектептегі тегін тамақ бағасы жайлы айтты

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.