Пәк қыздардың тізімі тарап кетті: Саясат Нұрбек тың мәлімет айтты

Аягөз Құрмаш

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті пәк студенттерінің тізімі тарап кеткен

Пәк қыздардың тізімі тарап кетті: Саясат Нұрбек тың мәлімет айтты
Фото: istockphoto.com

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті пәк студенттерінің тізімі тарап кеткен. Үкіметте ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұл тізімді таратқандарға қатысты тың мәлімет айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрдің айтуынша, тізім техникалық емес, адами фактордың қателігінен тараған. 

«Деканатқа флюорографияға түспеген студенттердің тізімі бойынша деканаттағы жауапты қызметкер медициналық тексерудің артық қорытындыларын алмай, жолдап жіберген. Университеттің қызметкері жұмыстан шығарылды. Азаматтық іс, әкімшілік іс бойынша қаралды. Ол Әл-фараби атындағы университеттің қызметкерлері»,- деді министр. 

Министр атағандай, ол медициналық тексерісті оқуға түскендер жасайды.  

«Университетке қызмет көрсететін медициналық орталықпен келісімшарт бұзылды. Бұл оқиғаға қатысты барлық қатысушы жазаланды»,- деді Саясат Нұрбек. 

Еске салсақ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті пәк студенттерінің тізімі тарап кеткен еді. 

Министр, сондай-ақ, Семейдегі Шәкәрім атындағы университет студенттерінің жеке мәліметтері telegram арнасы арқылы тарап кеткенін де айтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.