07.08.2024, 14:40
Үкімет
Тоқаев Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекітті
Орта мерзімді кезеңге арналған дамудың негізгі мақсаттары аталды
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекітті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Орташа табыс тұзағынан» құтылу және Қазақстанның табысы жоғары елдер қатарына орнығуы үшін берік институционалдық және әлеуметтік- экономикалық негіздерді қалыптастыру – орта мерзімді кезеңге арналған дамудың негізгі мақсаттары», - делінген құжат мәтінінде.
2029 жылға дейін ұлттық даму жоспары шеңберінде 5 бірізді қағидат айқындалды:
- Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыру және тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту үшін бәсекелестікті ырықтандыру әрі ынталандыру;
- Кәсіпкерлікті қорғау және дамыту;
- Сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және кәсіпкерлік пен шығармашылық бастаманы қолдауға баса назар аудара отырып, қазақстандықтардың әлеуетін ашу;
- Инновациялық белсенділікті кеңейту, салалар мен кәсіпорындарды жаңғырту және цифрландыру арқылы экономиканың өнімділігі мен күрделілігін арттыру;
- Өңірлердің дамуында аса үлкен алшақтыққа жол бермеу және өңірлердің өз әлеуетін әрі үлкен экономикалық дербестігін іске асыруы үшін жағдай жасау.
Көп оқылған
10.07.2026, 14:17
Оралда полиция қызметкерлері өрт болған үйге дереу жетіп, 15 адамды құтқарып қалды (ВИДЕО)
10.07.2026, 15:51
Аршалыда шизофрениямен ауыратын ер адам анасын, жиенін, тағы екі туысын асқан жауыздықпен өлтірді
10.07.2026, 21:31
Тәулігіне 100 мың: Қазақстандық Бурабайдағы демалыс аймағының қызмет көрсету сапасына шағымданды
10.07.2026, 15:21
«КыздарНет» ісі: сутенерлік желіні ұйымдастырғандар 10 жылға сотталды
10.07.2026, 13:00
Жүргізушілерге ескерту: Қазақстанда тағы 5 тасжолға орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді
10.07.2026, 16:59
Алматыдағы кафеде ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алды