$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.02.2020, 12:46
Үкімет

Дариға Назарбаева Қазақстанда азық-түліктің 80% неге қол жетімсіз екеніне жауап іздеді

Соңғы үш жылда агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға 2 триллион теңгеге жуық қаражат жұмсалған

Дариға Назарбаева Қазақстанда азық-түліктің 80% неге қол жетімсіз екеніне жауап іздеді

Бүгін Сенатта «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері» жөніндегі парламенттік тыңдау өтіп жатыр. Сенат спикері Дариға Назарбаева ауыл шаруашылығы саласына құйылған триллиондаған қаражат ауыл халқы үшін пайдасын тигізген жоқ деп есептейді.

«Бүгінгі таңда жалпы табыстың өскеніне қарамастан, ауыл тұрғындарының жағдайы жақсы емес екенін айтып, ешкімді таңғалдыра алмаймыз. Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі саласы. Еліміз астық өндірумен танымал. Ал халқымыздың өмір салтының ажырамас бөлігі мал шаруашылығы, ол ежелден әр қазаққа интуитивті тұрғыда жақын, генетикалық деңгейде түсінікті.

Онда неге барлық табиғи және тарихи негіздер бола тұра отандық азық-түлік өнімдерінің 80 пайызы қолжетімсіз? Бұл елдің тұрақтылығы мен ішкі экономикалық қауіпсіздігі үшін қажет. Халқымыз туған жерге ерекше құрметпен қарап келсе де, неге ауыл шаруашылығы көп жылдар бойы экономиканың проблемалы саласы?», - деді осы сұрақтар төңірегінде жауап алғысы келген Сенат төрағасы.

Оның айтуынша, Қазақстанда өңірлерді дамыту бойынша арнайы ведомство жоқ болғандықтан, Сенат жергілікті мәслихаттар сайлаған сенаторлар арқылы өңірлерді институционалды түрде көрсететін жалғыз ұлттық орган.

«Сандық және пайыздық көрсеткіштердің өсіп жатқанына қарамастан, біз кейінгі 10 жыл аралығында саланың тоқырауға ұшырағанын көріп отырмыз. Аграрлық сектордағы жалпы ішкі өнімнің үлесі 10 жыл ішінде 5 пайыздан асқан жоқ, ал соңғы жылдары тұрақты түрде төмендеп келеді (2019 жылы 4,4% - ред.). Кестелер мен сандардың артында адамдардың нақты проблемалары тұрғанын көре бермейміз. Біз саланың әлеуметтік өлшеміне назар аударуымыз керек. Ауылдың тұрмыс салты мен өмір философиясы қаладағы өмірден мүлдем өзгеше», - дейді Назарбаева.

Сенат төрағасы баяндамасында хабарлағандай, 2010 жылдан бастап Қазақстанда 3 мемлекеттік бағдарлама қабылданған.

«Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша қолданыстағы үшінші мемлекеттік бағдарлама 2021 жылы аяқталады. 2017-2021 жылдар аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнімін 2 есеге арттыру жоспарлануда. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі ауылшаруашылығының жалпы өнімі 4,5 трлн теңгеден аспаған, ал 2021 жылға қарай саланы дамыту бағдарламасы аясында ол 8,2 трлн теңгеге дейін өсуі керек.

Бағдарламаны жүзеге асырудың 3 жылында 2 триллион теңгеге жуық қаражат тек агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға жұмсалған. Мемлекет бұл саланы белсенді дамытуға алғышарттар жасап, жағдайды жақсарту үшін үнемі шаралар қабылдап жүр деп білеміз. Ауыл тұрғындары жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардан ең көп жеңілдіктер мен жәрдемақы алушылар қатарында деп есептейміз. Бірақ іс жүзінде бағдарламалар ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартып жатыр ма?», - деген Сенат спикері осы және өзге де мәселелер талқыланып, шешімін табуы керек деді.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары