ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 10:00
Қоғам

Ақмола облысында кісі өлтірген адам өз-өзіне жауап бере алмайтын тұлғаларға қамқоршы болған

Сондай-ақ «шизофрениясы» бар адам да қамқоршы ретінде ақша алып жүрген

Ақмола облысында кісі өлтірген адам өз-өзіне жауап бере алмайтын тұлғаларға қамқоршы болған
Фото: gov.kz

Ақмола облысының прокуратурасы облыстағы қамқоршылықты тағайындайтын органның былығын әшекере етті: олар кісі өлтірген адам мен басқа да қылмыстар үшін сотталған адамдарды өздігінен әрекет ете алмайтын адамдарға қамқоршы етіп тағайындаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, психикалық аурулары бар немесе сотталған адамдар қамқоршы немесе қорғаншы бола алмайды. Бірақ, Ақмола облысында екі бірдей әрекетке қабілетсіз тұлғаға бұрын кісі өлтірген тұлға қамқоршы болған. Одан бөлек, шизофрения» диагнозы бар бір азамат та қамқоршы ретінде тіркелген», - деп хабарлайды облыс прокуратурасы.

Бұдан өзге, облыста қайтыс болған 28 адам әлі де «әрекетке қабілетсіз» санаты бойынша есепте тұрған.

Серіктес жаңалықтары