«Оқушы жоқ, бірақ ақша бар»: 2026 жылдан бастап жекеменшік мектептерді үлкен өзгеріс күтіп тұр
Олардың ақшасы цифрлы жүйеге ауысады
Қазақстанда 2026 жылдың қаңтарынан бастап жекеменшік мектептердің бәрі жаңа цифрлы жүйеге көшіп, оларға бөлінетін қаражат қатаң тексеруден өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазір Қазақстанда Бірыңғай цифрлық платформаны жасалып жатыр. Оған өзара байланысты салалардағы қызмет түрлері кіреді. Соның ішінде – жекеменшік мектептер де. Яғни, жекеменшік мектептер бұрынғыдай мемлекет қаржысын оңды-солды алып, иемдене алмайды. Қазір елдегі бүкіл жекеменшік мектептердің 86% осы жүйеге тіркеліп, қол қойған.
«Қаржы министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, жекеменшік мектеп директорларымен қаржыландыру жүйесін өзгерту туралы түсіндіру семинарларын өткізіп жатыр. Биыл көрсетілген қызметтер үшін мектептерге төлемдер жасалады. Сонымен қатар 2026 жылдың қаңтарынан бастап мұндағы қызмет жаңа ақпараттық жүйемен қатаң реттеледі», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Ал кеңесте сөз сөйлеген премьер-министр Олжас Бектенов мемлекет жоқ оқушылар үшін ақша төлеп жүргенін мойындады.
«Жүргізілген тексеру жұмыстары жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселелерінде көптеген заң бұзу бар екенін анықтады. Шындығында, біз мемлекеттің жоқ оқушылар үшін жиі ақша төлейтінін көріп отымыз. Бұл нарықта тұтастай заңсыз индустрия қалыптасты. Оқу-ағарту министрлігі мен Қаржы министрлігі келесі қаржыландыру жылынан бастап аталған салада толықтай тәртіп орнатуы керек. Бірде-бір мемлекеттік теңге нарыққа жосықсыз қатысушылар мен шенеуніктердің қалтасына түсіп, ысырап болмауы тиіс», - деді Бектенов.