18.11.2025, 09:09
Оқиғалар
Шұғыл: Жетісайда жер үй өртеніп, он екі адам, соның ішінде тоғыз бала тірідей жанып кетті
Бұл туралы редакцияға ТЖМ баспасөз қызметі жазды
Фото: ТЖМ
Түркістан облысы Жетісай ауданында жер үй өртеніп, көп адам қаза апқан. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды», - деп хабарлайды Руслан Желдібай.
Біздің редакцияға ақпаратты растаған ТЖМ баспасөз қызметі өрттен 12 адам, соның ішінде 9 бала қаза тапқанын хабарлады.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 07:18
Астанада көктайғақ, Алматыда қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы
15.11.2026, 08:51
Қазақстанда балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынғаны рас па? Министрлік жауап берді
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
