$ 524.14  607.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысының тұрғыны үйінің ауласында үсіп өлді

55 жастағы тұрғын жалғыз өзі тұрған

Ақмола облысының тұрғыны үйінің ауласында үсіп өлді
Фото: freepik.com

Ақмола облысындағы Бұланды ауылында ер адам үйінің ауласында үсіп өлді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиғаның мән-жайы

«Қайғылы жағдай 13 қарашада түнгі уақытта болған. Тексеру жұмыстары кезінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмады», - дейді полицейлер.

55 жастағы тұрғын жалғыз өзі тұрған. Сарапшылар ер адам үсіп өлгенін растады. Қазіргі уақытта полиция тексеріс жүргізіліп жатыр.

Полиция ескерту жасады

Полиция қызметкерлері өңір тұрғындарына күз-қыс мезгілінде үсіп қалу қаупі жоғары болатынын еске салды. Тәртіп сақшылары аязда, әсіресе түнгі уақытта ерекше сақтық танытуға шақырды. Жолға шыққанда ішімдік ішудің соңы ауыр салдарларға әкеліп соғуы мүмкін. Адам үси бастағанын сезген жағдайда дереу жылы жерге кіру қажет.

Серіктес жаңалықтары