$ 522.19  606.42  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 10:05
AR trend

«Әке-шешем кедей»: той үшін несие алғысы келмеген жігіттің жазбасы қызу талқыға түсті

Оған қол ұшын беріп жатқандар да аз емес 

«Әке-шешем кедей»: той үшін несие алғысы келмеген жігіттің жазбасы қызу талқыға түсті
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстандық Родион Жүрінов threads әлеуметтік желісінде той үшін қарызға батқысы келмейтінін айтып, халықтан кеңес сұраған. Алайда оған құр ақыл айтпай, нақты көмек көрсеткісі келетіндер табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жігіт 20-30 адам ғана шақырып, шамамен 1 млн теңге жұмсап, той жасау мүмкін бе, жоқ па деген сұрақтың жауабын іздеген. 

 «Жігіттер, шағын ғана той жасағым келеді, несиесіз, анау-мынаусыз, қолдағы бар қаражатпен. 20–30 адам шақығырып, бір миллион теңгеге той жасауға бола ма? Ата-анам кедей, тойды көтере алмайды, бәрін өзім істеймін, - деп жазды Родион.

Жарияланым 17 мың лүпіл жинап, 2 мыңға жуық адам пікір жазған. Олардың басым бөлігі тойды тегін өткізуге ұсыныс жасаған.

Бірі мейрамхана, бірі әдемі киім, бірі асаба болуды ұсынған. Тойды ұйымдастыруға ел болып жұмылуға ұсыныс жасаған. Мұндайды күтпеген автор мейірімді жандарға алғысын жаудырды.

«Барлық пікір жазғандарға рақмет. Мен тек бюджетімді шамалап, кредитсіз, пафоссыз шағын той жасау мүмкін бе, соны білгім келген. Пост көпшілікке шығып кетіпті, таңғалып тұрмын. Зал, музыка, фото, торт. Осыншама жылы сөз бен ұсыныстар жүрегімнен орын алды, халқымызға риза болып тұрмын. Ешкім мені аясын деген жоқпын. Таршылық көріп жүрген жоқпын, тек қарапайым той жасап, саяхатқа да аздап қаржы қалдырғым келеді. Иә, әлі ұсыныс жасаған жоқпын. Мұнша тегін көмекті қабылдау ыңғайсыз, бірақ қолдау үшін үлкен рақмет. Күшіміз – бірлікте, қазақ елі», - деп жазды автор.

Серіктес жаңалықтары