$ 522.19  606.42  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 13:34
AR trend

«Біздің әлемге қош келдің, Әлем!»: блогер Елдос аңсап күткен ұлына ерекше ат қойған

Бүлдіршіннің Әлем Елдосұлы

«Біздің әлемге қош келдің, Әлем!»: блогер Елдос аңсап күткен ұлына ерекше ат қойған
Фото: https://www.instagram.com/eldos_kalabok/

Белгілі блогер әрі асаба, көпшілікке Елдос «Колобок» лақап атымен танымал Елдос Қадырханов пен әйелі он жылға жуық уақыт күткен ұлдарына ерекше есім берген, деп жазады Azattyq Rýhy

Блогер баласы мен әйелін үйге шығарып алғаннан кейін суреттерін жариялап, оқырмандарына алғыс айтты.

«Жер бетіне келген жаңа өмірмен таныстырайық. Біздің әлемге қош келдің, Бағзат Әлем Елдосұлы. Әлем -шексіздік, кеңдік, еркіндік. Әлемге үлгілі азамат бол, біздің ғажап әлемді аралап, әлемді бағындырып, жақсы жағынан әлемге танымал бол. Саған бізді танитын әлем тілеулес болды, сол себепті есімің ӘЛЕМ ЕЛДОСҰЛЫ», - деп жазған блогер.

Естеріңізге сала кетейік, биыл жазда Елдос Қадырханов дәрігер Перизат Байқошқарованы медициналық құпияны бұзды деп айыптаған еді. Блогердің айтуынша, маман әлеуметтік желілерде оның жеке ақпаратын жариялаған. Қадырханов өзі емделген клиника қызметіне ақылы түрде жүгінгенін айтып, дәрігерді кәсіби этиканы сақтамағаны үшін сынға алған болатын.

Ал арада бірнеше ай өте, қарашаның 12-сі күні блогер әйелінің босанғанын айтып, сүйінші сұрады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#шоу-бизнес