$ 522.19  606.42  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.11.2025, 12:20
AR trend

Блогер Елдос «Колобок» әке атанды

Оқырман шын тілектерін жазып жатыр

Блогер Елдос «Колобок» әке атанды
Фото: https://www.instagram.com/eldos_kalabok/

Белгілі блогер әрі асаба, көпшілікке Елдос «Колобок» атымен танымал Елдос Қадырханов әлеуметтік желідегі оқырмандарына қуанышты хабар жеткізді. Ол 12 қараша күні ұл баласы дүниеге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Блогер бұл қуанышты жаңалықты өзінің әлеуметтік желі парақшасында жариялады:

«Аллаға шүкір, сүйінші жаңалық. Біз ата-ана атандық, достар. Қош келдің, менің ұлым. 12.11.2025», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары Елдос пен жұбайын көптен күткен сәбиімен құттықтап, жылы лебіздерін білдіруде.

Бұған дейін Елдос Қадырханов қоғам назарын аударған оқиғамен есте қалған болатын. Ол дәрігер Перизат Байқошқарованы медициналық құпияны бұзды деп айыптаған еді. Блогердің айтуынша, маман әлеуметтік желілерде оның жеке ақпаратын жариялаған.

Қадырханов өзі емделген клиника қызметіне ақылы түрде жүгінгенін айтып, дәрігерді кәсіби этиканы сақтамағаны үшін сынға алған болатын.

Серіктес жаңалықтары