$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.12.2020, 17:46
Үкімет

Үкімет Түркістан қаласы бас жоспарының жобасын бекітті

2050 жылға таман қала тұрғындарының саны 500 мыңға жетеді деп жоспарланып отыр

Үкімет Түркістан қаласы бас жоспарының жобасын бекітті
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Үкімет қаулысымен Түркістан облысы Түркістан қаласының бас жоспарының жобасы бекітілді.

«Қоса беріліп отырған Түркістан облыстық және қалалық мәслихаттары мақұлдаған Түркістан облысы Түркістан қаласының бас жоспарының (негізгі ережелерді қоса алғанда) жобасы бекітілсін. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының бас жоспары туралы Үкіметтің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 735 қаулысының күші жойылды деп танылсын», - делінген құжатта.

Еске сала кетейік, 3 қарашада өткен Үкімет отырысында баяндама жасаған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің облыс орталығының бастапқы аумағы 19 627 гектар болса, бүгінде қала шекарасының жобалауы бойынша аталған көрсеткіш 22 370 гектарға жеткенін айтты.

Қаладағы халық саны 165 мыңнан 176 мың адамға жеткен. Ал 2025 жылға қарай тұрғындар санын 250 мыңға, 2035 жылы 350 мыңға, 2050 жылға таман 500 мыңға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Серіктес жаңалықтары