Қазақстанда маска тақпаған адамға салынатын айыппұл мөлшері 30 есе азаюы мүмкін
Бұл туралы Қазақстанның бизнес-омбудсмені хабарлады
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов Қазақстанда маска тағу режимін бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшерін 83 340 теңгеден 2 778 теңгеге дейін азайту ұсынылып отырғанын хабарлады.
«Қазіргі кезде мемлекеттік органдар «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын қарастырып жатыр. Соның аясында жеке тұлғаларға бептерде тақпағаны үшін салынатын айыппұлды 30 айлық есептік көрсеткіштен 1 АЕК-ке (2 778 теңге) дейін төмендету ұсынылып отыр. Біз осы жұмысқа белсенді атсалысудамыз», - деп жазды Жүрсінов Facebook желісіндегі парақшасында.
Сондай-ақ, омбудсмен кәсіпкерлік нысандарда маска тақпауға қатысты салынатын айыппұл мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, егер кәсіпкер өз тарапынан барлық санитарлық норманы сақтап, қажетті маска мен қолғап көлемін әзірлесе, қызметкерлері мен тұтынушылардың талап бұзғаны үшін жауап бермеуі керек. Айыппұл маска тақпаған адамға ғана салынуы шарт.