$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.08.2020, 18:24
Үкімет

Экология министрі елорда маңындағы Кіші Талдыкөлді құрғатуға қатысты ұстанымын айтты

Министрлік көлді құрғату жұмыстары экожүйенің бұзылуына әкелуі мүмкін екенін айтады

Экология министрі елорда маңындағы Кіші Талдыкөлді құрғатуға қатысты ұстанымын айтты
Фото: twitter.com/MirzagalievKZ

Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы Кіші Талдыкөл көлін құрғату жұмыстарына сарапшылар мен ғалымдар тартылатын болды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

«Бүгін Кіші Талдыкөл мәселесіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әкімімен сөйлестім. Министрліктің пайымынша, көлді құрғату жұмыстары экожүйенің бұзылуына әкелуі мүмкін», - деп жазды Мағзұм Мырзағалиев өзінің Twitter-парақшасында.

Министрдің айтуынша, алдағы уақытта ғалымдар мен эколог сарапшыларды тарта отырып, қала басшылығымен бірлесе осы мәселені толық зерттеуге келісімге келген. Енді кез келген шешім жоғарыда аталған мамандардың қорытындысына сай шығарылатын болады.

Серіктес жаңалықтары