$ 538.13  624.88  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан бағалы қағаздарын Нью-Йорк қор биржасына шығаруы мүмкін

Қазір вице-премьер АҚШ-та сапарлап жүр

Қазақстан бағалы қағаздарын Нью-Йорк қор биржасына шығаруы мүмкін
Фото: gov.kz

Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған делегация Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының жыл сайынғы сессиялары аясында Нью-Йорк қор биржасына (New York Stock Exchange, NYSE) барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Жұманғарин NYSE стратегиялық операциялар және корпоративтік қатынастар департаментінің басшысы Уилл Гудвинмен кездескен.

«Кездесу кезінде NYSE өкілдері Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру мүмкіндігі, сондай-ақ ірі ұлттық компаниялардың биржаға шығу перспективалары жөніндегі сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді», - деп хабарлайды министрлік.

Сапар соңында Қазақстаннан барған делегация биржаның сауда залының тынысымен танысқан.

Анықтама:

Нью-Йорк қор биржасы (NYSE) – әлемдегі ең ірі және ең ертеден жұмыс істеп келе жатқан сауда алаңдарының бірі, америкалық әрі жаһандық қор нарығының басты символы. Ол Нью-Йорктегі атақты Уолл-стрит көшесінде орналасқан. NYSE Intercontinental Exchange (ICE) холдингінің құрамында және электрондық технология мен дәстүрлі «жанды» сауданы біріктіретін заманауи сауда экожүйесі болып саналады.

Серіктес жаңалықтары