Бектенов үкіметте «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің ЖИ мүшесімен сөйлесті (ВИДЕО)
Үкіметтегі жиынға тұңғыш рет жасанды интеллект өнімі қатысты

Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Жиынға алғаш рет дауыс беру құқығы бар жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін директорлар кеңесінің тәуелсіз цифрлық мүшесі SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкіметтің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанның Alem LLM тілдік моделі негізінде құрылған бұл нейрондық желінің презентациясы жуырда өткен Digital Bridge 2025 халықаралық форумында өткен еді. Отырыстың күн тәртібінде Қор қызметінің биылғы 9 айдағы қорытындылары қаралды.
«Директорлар кеңесінің мүшелері жобаларды жүзеге асыру тиімділігіне қатысты бірқатар мәселе көтерді. Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов жалпы алғанда қаржылық көрсеткіштерде тұрақты оң динамика бар екенін баяндады. Өндірістік нәтижелер жоспарланған мәндер деңгейіне сәйкес келеді. Мониторинг нәтижесіне сәйкес Қор тобының ірі инвестициялық жобалары бойынша қаражатты игеру көрсеткіші 99%-ды құрайды», - деп хабарлайды үкімет сайты.
Бектенов отырыста жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін директорлар кеңесінің тәуелсіз цифрлық мүшесі SKAI-дан Қордың жұмысына қатысты ақпарат сұрады. Директорлар кеңесінің цифрлық мүшесі SKAI хабарлағандай, биыл 9 айда Қордың отандық тауар өндірушілерді қолдау көлемі артып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 75%-ға жеткенін хабарлады. Қор отандық тауар өндірушілерден 721 млрд теңгеге тауар сатып алған.