$ 538.11  623.51  6.61
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Былтыр Қазақстан 145 мың көлік құрастырған

Бұл туралы бүгін президент мәлім етті

Былтыр Қазақстан 145 мың көлік құрастырған
Фото: Ақорда

Былтыр Қазақстан 145 мың машина құрастырған. Қазір Астана, Алматы, Семей, Орал, Көкшетау, Қостанай және Саран қалаларында автокөлік өндірісіне қатысты кәсіпорындар жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы бүгін телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. Президент өз сөзінде мемлекеттің машина жасау саласына баса мән беретінін атап өткен.

«Былтыр осы салаға 290 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда екі жарым есе көп. Осы үрдіс биыл да жалғасып келеді. Жыл басынан бері осы салаға 178 миллиард теңге қаражат салынды. Инвесторлар Қазақстанға зор қызығушылық танытып отыр. Ауқымды шаралардың нәтижесінде бұл бағытта бірқатар табысқа қол жеткіздік. Өткен жылы еліміз 145 мыңнан астам көлік шығарды», - деді Тоқаев Ақордада.

Президенттің айтуынша, Астана, Алматы, Семей, Орал, Көкшетау, Қостанай және Саран қалаларындағы автокөлік кәсіпорындарында он мыңнан астам азамат жұмыс істейді Оның жартысына жуығы – жастар.

Серіктес жаңалықтары