$ 538.11  623.51  6.61
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы да көбейте ме – Сүлейменов жауап берді

Биыл қазанның 10-ы күні ставка 18 пайызға дейін қымбаттаған болатын

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы да көбейте ме – Сүлейменов жауап берді
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Бүгін Мәжіліс кулуарында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме тағы да қымбаттай ма деген сұраққа: «білмемін» деп жауап берді. Оның айтуынша, бұл мәселе ақша-несие саясатының отырысында қаралады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Базалық  ставканы көтересіздер ме?», - деп сұрады бүгін редакция тілшісі Ұлттық банк төрағасынан.

«Білмейміз. Бұндай шешімді тек қана факторға сүйеніп қабылдаймыз. Ақша-несие саясатының биылғы соңғы отырысы қарашаның ортасында өтеді. Жаңартылған ақпараттарды талдай келе, шешім қабылдаймыз», - деді Сүлейменов.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті биыл 10 қазанда базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдаған болатын.

Серіктес жаңалықтары