$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Көлемді сұхбат беремін»: Say Mo экс-күйеуі Шәріп Серіктен қандай қорлық көргенін ашық айтпақ

Әнші жақын күндері экс-күйеуінен қ

«Көлемді сұхбат беремін»: Say Mo экс-күйеуі Шәріп Серіктен қандай қорлық көргенін ашық айтпақ
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Танымал әнші Say Mo әлеуметтік желіде өз оқырмандарына бұрынғы күйеуі, актер Шәріп Серіктен қысым көргенін ашық айтты,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Жақында Әлия Бутеева есімді қыз Шәріп Серіктің оны ұрып-соққанын жариялаған еді. Осы оқиғадан кейін актердің бұрынғы әйелі Say Mo да Шәріптен бірнеше рет соққы алғанын мойындады.

«Қолымда ешқандай дәлел қалмады. Бір кездері анама жіберген денемдегі көгерген жерлердің суреттерін өшіріп тастадым. Әрбір ұрыс-керістен кейін ол кешірім сұрап, актерлік шеберлігімен «тізерлеп» келетін. Абьюзивті қарым-қатынасты бастан кешпеген адам мұны ешқашан түсінбейді. «Неге шыдап жүрдің?» деп сұрарсыздар. Білмеймін. Мен әкесіз өстім. Ер адамның әйелге қалай қарау керектігін білмедім, себебі бала кезімде ондай мысал көрмедім. Анам қатты еңбек етті, мен еркек сияқты өстім. Бір күні үлкен сұхбат беріп, бар шындықты айтып беремін. Психологқа қанша жыл барсам да, бұл мәселе туралы айтпаппын. Себебі бұл сынақтан өттім деп ойладым. Бірақ олай емес екенін түсіндім, – деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Шәріп Серік бұрынғы сүйіктісі Әлия Бутееваға қатысты зорлық жасағанын мойындап, кешірім сұраған болатын. Сот шешімімен Шәріп Серік кінәлі деп танылып, 5 тәулікке қамалды. 

 

 

Серіктес жаңалықтары