05.04.2025, 23:52
Мәдениет
Тоқаев бүгін ерекше мәртебе алған Ақтау қаласына арнайы құттықтауын жіберді
Бүгін Ақтау Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы атанды
Фото: мәдениет және ақпарат министрлігі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы мәртебесіне ие болған Ақтау қаласына арнайы құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды мәденит министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Президенттің құттықтауын мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді.
«Шежірелі Маңғыстау, қазыналы Үстірт аймағы тұтас түркі өркениетінің ажырамас бөлігі саналады. Киелі өлкеде ұлтымыздың, жалпы түркі дүниесінің сан ғасырлық рухани мұрасы сақталған. Тарихы тамырлас, дәстүрі сабақтас халықтардың ынтымақтастығын одан әрі нығайту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы атаулы жылда бауырластығымызды бекемдей түсетін басқосулар ұйымдастырылып, маңызды шешімдер қабылданады деп сенемін. Түркі мемлекеттерінің ықпалдастығын арттыруға зор үлес қосып жүрген ТҮРКСОЙ ұйымына және осы іс-шараны ұйымдастырушыларға шынайы ризашылығымды білдіремін. Түбі бір түркі жұртының бірлігі нығая берсін!» – деп жазған Тоқаев өз хатында.
Айта кетейік, салтанатты жиынға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түркіменстан, Венгрия елдерінен мәртебелі меймандар қатысты. Каспий жағалауындағы мерекелік кешке бас-аяғы 100 мыңдай көрермен жиналған.
Көп оқылған
27.05.2026, 06:24
Астанада бетон араластырғыш көліктің астына түскен оқушы көз жұмды
27.05.2026, 07:27
Аптап ыстық пен нөсер: 27 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
27.05.2026, 10:05
27 мамыр күні ауа сапасы қандай болады
27.05.2026, 11:15
80 жастағы қазақстандық спортшы Кейптаун марафонын бағындырды
27.05.2026, 10:33
Қостанай облысында мектеп өртеніп кетті
27.05.2026, 11:57
Ақтөбеде көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болып, бір адам көз жұмды