ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Димашқа Президенттің құттықтау хаты табысталды

Димаш Құдайберген 27 жасқа толды

фото: instagram.com/tokayev_online/

Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова танымал əнші Димаш Құдайбергенді қабылдап, туған күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табыстады.

«Құрметті Димаш! Жас кезіңнен өнер жолын таңдап, үздіксіз еңбектің нəтижесінде үлкен белестерді бағындыра білдің. Алдымен республикалық, кейін халықаралық байқауларда дара шықтың. Əн арқылы ұлттық құндылықтарымызды дəріптеп, қазақтың тілін, қоңыр домбырасын, ізгі дəстүрлерін əлемге танытып келесің.

Алдағы уақытта еліміздің рухани-мəдени саласын өркендетуге мол үлес қосып, білімің мен кəсіби біліктілігіңді жетілдіре беретініңе сенім артамын.

Өзіңе денсаулық, жаңа табыстар тілеймін!», - деп жазылған Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Еске сала кетейік, Перудағы Димаштың фан-клубы танымал Inca Son анд тобымен бірге «Daididau Andino Project» жаңа жобасын ұсынды. Аңызға айналған қазақ әні әншінің 27 жасына орай Перу халық аспаптарында дыбысталып, ойналды.