ШұғылЕлордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Перудағы жанкүйерлер Димаштың туған күніне орай тосын сый жасады

Димаш Құдайберген 27 жасқа толды

Перудағы Димаштың фан-клубы танымал Inca Son анд тобымен бірге «Daididau Andino Project» жаңа жобасын ұсынды. Аңызға айналған қазақ әні әншінің 27 жасына орай Перу халық аспаптарында дыбысталып, ойналды. Бұл туралы dimashnews.com хабарлайды.

Бірнеше ай бұрын Dimash Kudaibergen Peru World фан-клубы қазақстандық орындаушының туған күніне орай осы жобаны ойластырды. Димаш үшін «Дайдидау» әні қаншалықты маңызды екенін біле отырып, оның жанкүйерлері Перудің халық аспаптарымен әйгілі композицияның дыбысталуына үлес қосты. Фан-клубқа әннің дыбысталуына танымал анд тобы Inca Son көмектесті.

«Бұл қазақ – перу музыкалық фьюжні Димашқа, оның музыкасы мен халқының мәдениетіне жақындауға мүмкіндік берді. Оның арқасында географиялық жағынан алыс екі халық бір-біріне жақындасты. Музыка бастапқыда халықтың тарихымен байланысты, бұл оның дүниетанымының бөлігі. Біз «Дайдидауды» талдаған кезде Қазақстан мен Перу халықтары арасындағы сөзсіз музыкалық және мәдени ұқсастықты анықтадық», – деп түсіндірді Dimash Kudaibergen Peru World.

Нәтижесінде «Дайдидау» пан-флейтада шырқалды, шаранго аспабы домбыраны алмастырды, кена сыбызғы рөлін атқарды, ал инктердің барабаны болып саналатын тинья қазақ дауылпазын алмастырды. Осылайша, Перудің музыкалық аспаптары андтың ерекше дыбысында «Дайдидаудың» сұлулығын көрсетті.

«Дайдидауды» тыңдаған кезде біздің генетикалық жадымыз өткенге тамыр жайған сияқты. Бұл керемет қазақ композициясы халықтың қайғы–қасіреті мен махаббаты бізге ежелгі Перу музыкасын, тарихымызды еске салады», – деді Dears.

Перудің халық аспаптарында дыбысталған «Дайдидау», Перуан Андында түсірілген және Димаштың BASTAU концертіндегі композицияны орындаған ресми бейнесіндегі үзінділермен толықтырылған бейнебаянда ұсынылған. Перулік суретші Фернандо Барриал жобаға перу-қазақ музыкалық және мәдени бірлігін бейнелейтін «Димаштың туған күніне орай «Дайдидау» анд жобасы» атты сурет салды.