ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1,5 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

Billboard Awards: Иманбек Зейкенов тағы бір марапатқа ие болды

Иманбек – Grammy сыйлығын жеңіп алған алғашқы қазақстандық

Иманбек, фото: nytimes.com

Grammy музыкалық сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов Billboard Awards марапатын жеңіп алды. Бұл туралы қазақстандық музыкант Instagram желісінде жазды.

Иманбек Зейкеновтың Saint Jhn есімді атақты рэпердің «Roses» атты әніне жасаған ремиксі «Биге құрылған үздік электронды ән» номинациясын жеңіп алды.

«Billboard Awards марапатын жеңіп алдым, бұл Grammy сыйлығымен пара пар. Тағы бір жүлде», - деп жазды музыкант.

Billboard Awards – әртістердің музыкалық чарттардағы жетістігі үшін берілетін жүлде. Оны америкалық Billboard музыкалық баспа басылымы табыстайды.

Иманбек – Grammy сыйлығын жеңіп алған алғашқы қазақстандық. Оның ремикс-туындысы YouTube желісінде 160 миллион рет қаралған, 20 аптадан аса уақыт бойы Billboard Hot 100 чартында үздік 10-дықта тұрды.