«Өмір ағашы»: Харьковта Абайға арналған ескерткіш орнатылады
Ескерткіштің жалпы биіктігі 4 метр болмақ
Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев Харьков қалалық кеңесінің хатшысы Игорь Тереховпен кездесіп, қаланың орталық алаңдарының бірінде Ұлы Абайға ескерткіш орнату жобасын талқылау мақсатында кездесу өткізді. Жоба Қазақстанның Харьковтағы құрметті консулы Эмин Наджафли бастамасымен іске асырылмақ.
Кездесу барысында белгілі мүсінші Сейфаддин Құрбанов шығарманы «Өмір ағашы» деп аталатын триптих түрінде ұсынды. Композиция қазақ, украин және әзірбайжан халықтарының көрнекті өкілдері - Абай Құнанбайұлы, Григорий Сковорода және Мырза Фатали Ахундовтың мүсіндерінен тұрады. Олардың «көрінбейтін» байланысы - бұл олардың халықтарының рухани-адамгершілік ағартуына қосқан орасан зор үлесі, ғасырлар бойы сыналған Отанға деген даналық пен шексіз сүйіспеншілік.
Харьковтың фонтандар мен жасыл желек қоршаған көркем ауданында орналасатын ескерткіштің жалпы биіктігі - 4 метр. Алаң 2 543 шаршы метрді құрайды.
Д. Кәлетаев мүсіндік композиция бауырлас халықтар арасындағы рухани байланысты одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретіндігін, сондай-ақ олардың мәдениеті мен өнерінің кеңінен танылуына, дамуына және ынтымақтастығына ықпал ететіндігін атап өтіп, қала басшылығына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.