Бұл жаңалық желідегі жұртты қуантып, қызу талқыланып жатыр
Танымал әнші, мәдениет қайраткері Сәкен Майғазиевтің келіні Әдия Instagram парақшасында өзінің өміріндегі маңызды жаңалығын бөлісті. Ол сүйіктісі Әділетпен заңды некеге тұрғанынмәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қайырлы күн! Бүгінгі маңызды сәтті 08.08 күніне әдейі келістіріп, асыға күттік», – деп жазды Әдия Stories бөлімінде.
Бұл хабарлама жарияланған сәттен бастап әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Көптеген оқырман жас жұбайларды құттықтап, жылы лебіздерін жолдады.
Желі қолданушыларының басым бөлігі:
Алайда кейбір пікірлерде таңданыс та байқалды:
Сәкен Майғазиев – елге танымал әнші. Оның ұлы Әділеттің үйленуі – бұл әулеттің жаңа белесі. Тойға қазақ эстрадасының жұлдыздары мен танымал тұлғалар жиналды. Айта кетсек, Әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет пен келіні Әдия журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында бір-бірін алғаш қашан көргенін, танысқан сәтін әңгімелеп берді. Ал Әнші Ерке Есмахан перзентханада толғатып жатса да, Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойын көруді ұмытпаған. Ұлының үйлену тойын онлайн көрсетемін деп басы дауға қалған әнші Сәкен Майғазиев бұл идеяны Мейрамбек Бесбаев айтқанын мәлімдеді. Бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов тойда ерекше биімен қонақтарды таңғалдырды.
Бұған дейін әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын онлайн көруге тіркеу ашып, жұрттың сөзіне қалған еді. Кейінірек Сәкен Майғазиев тұңғыш ұлы Әділеттің қалыңдығына қалыңмал ретінде қанша бергені және келіні мәһірге не сұрағаны белгілі болды. Ал Сәкен Майғазиевтің әйелі Динара Майғазиева келінін бір көргеннен жақсы көріп кеткенін айтты. TikTok-та тараған ерекше ұзату рәсімі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туғызды. Видеода Сәкен Майғазиевтің келіні ұзату тойында ақ кілемге отырғызылып шығарылғаны байқалады.