$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Келінім мені жақсы көреді»: Сәкен Майғазиевтің әйелі құдасын уайымдамауға шақырды

Динара Асылханқызының айтуынша келіні Әдия өте биязы, инабатты, иманды болып бойжеткен

«Келінім мені жақсы көреді»: Сәкен Майғазиевтің әйелі құдасын уайымдамауға шақырды
Фото: видеодан скриншот

Әнші Сәкен Майғазиевтің әйелі Динара Майғазиева келінін бір көргеннен жақсы көріп кеткенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тойдағы қуанышты сәттің видеосын әнші Instagram парақшасында жариялады.

«Құдағи» деген қадірлі атқа ие болған Динара Асылханқызының (жүрегімнің ішіндегі жүрегім) @dinara_maigaziyeva тілеген (жылап қалмай) тыңдаңыздар. Әумин дей отырыңыз», - деп жазды Сәкен Майғазиев.

Динара Асылханқызының айтуынша келіні Әдия өте биязы, инабатты, иманды болып бойжеткен, сондықтан оны бір көргеннен жақсы көріп қалған.

«Әдемі, биязы, сұлу, инабатты, иманды, кішкентай ғана қарлығаштарыңызды тәрбиелеп, өсіріп, бағып-қағып, бізге аманат қылып, бізге тапсырып жатырсыздар. Сол үшін сіздерге көп-көп рақмет. Уайымдаңыздар. Мен бір көргеннен Әдияны жақсы көріп кеттім. Әдиям мені жақсы көреді», - деді Динара Асылханқызы.

Еске сала кетейік, желіде Сәкен Майғазиевтің келінінің ұзатуы қызу талқыланды. Ұзатудан соң оны ақ кілемге отырғызып алып кеткен. Видео әлеуметтік желіде кең тарап, түрлі реакция тудырды. Желі қолданушылары дәстүрдің эстетикалық қырынан гөрі оның мағынасы мен мазмұнына баса мән беруді ұсынды. Пікір білдірушілердің бір бөлігі бұл дәстүрге жаңаша реңк берудің тәсілі десе, екінші тобы мұндай форматты ерсі көрді.

Серіктес жаңалықтары