$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада екі көше толығымен жабылады

Әкімдік жүргізушілерден өз бағытын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысындағы өзгерістерді ескеруді сұрады

Астанада екі көше толығымен жабылады
Фото: istockphoto.com

Астанада екі көше жөндеу жұмыстарына байланысты толығымен жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

І. Жансүгіров көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде Абылай хан даңғылы бойындағы жол жабынының жоғарғы қабатын салу бойынша жұмыстар жалғасады. Сонымен қатар Абылай хан даңғылы/Манас көшесі қиылысы жабылады.

«Осыған байланысты биылғы жылдың 7 мен 8 маусымында автокөлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылады», - деп жазылған хабарламада.

Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағытын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысындағы өзгерістерді ескеруді сұрады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Сондай-ақ Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қорғалжын тас жолынан Қ. Мұхамедханов көшесіне дейінгі учаскеде Домалақ ана көшесінде жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу  жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

«Осыған байланысты 7 мен 8 маусым аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс толығымен жабылады», - дейді мамандар.

Ведомство қала тұрғындары мен қонақтарынан осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалысты жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұрады.

Серіктес жаңалықтары