«Отқа май құйып, ақ орамал тақты»: Димаштың қарындасы Сарыағашқа келін болып түсті (ВИДЕО)
Бүгін жас жұбайлардың тойы өтеді

Тамыздың 1-і күні Астанада ұзату тойы өткен Раушан Құдайбергеннің келін атанған сәтінен видео тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде тараған видеода Раушан Құдайберген қазақтың салт-дәстүріне сай ақ босағасына кірерде отқа май құйған. Абысындары ақ шымылдығын ашып, үлкендер ақ орамал таққан. Желі қолданушылары Раушан Сарыағаш ауданындағы Абай ауылына келін болып түскенін жазып отыр.
Айта кетейік, 1 тамыз күні белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген Астанадан ұзатылған. Оның тойы танымал адамдар, соның ішінде ресейлік композитор Игорь Крутой құттықтады.
Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген күйеу жігітімен бірге кең далада фотосессияға түсіп, оны көпке көрсеткені хабарланған болатын.