$ 541.82  627.1  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сәкен Майғазиев келіні үшін қалыңмал ретінде қанша берді: келіні мәһірге не сұрады (ВИДЕО)

Неке қию рәсімінен видео жарияланды

Сәкен Майғазиев келіні үшін қалыңмал ретінде қанша берді: келіні мәһірге не сұрады (ВИДЕО)

Сәкен Майғазиев тұңғыш ұлы Әділеттің қалыңдығына қалыңмал ретінде қанша бергені және келіні мәһірге не сұрағаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қалыңмалы мен тоймалын бір конвертке салып, 5 миллиондай алып келдік. Соны ұсынғалы тұрмыз», - дейді әншінің туысы.

Ал неке қию рәсімінде Әділеттің қалыңдығы мәһір ретінде алтын сақина сұрағанын видеодан байқауға болады.

«Ризасыздар ма? Куәлар естіді ғой?» - деп тағы бір қайыра сұрады неке қиған имам.

Желі қолданушылары әншінің берген қалыңмалына қатысты түрлі пікір білдірді.

«Ойбай аз беріпті ғой! Дардай әнші, жалғыз ұлының бергені сол ма?», «Маңғыстауда ешқашан қалыңмал осындай беру керек деген болмаған, қанша берсе соны алып қанағат деп отыра береді», «5 млн қанағат, әнші болса бет алды шаша бере ме, алда үлкен той тұр», «Ренжімеңіздер, менің өз ойым, Сәкенге 5 млн аз, бергесін 10 млн беру керек еді», - деп жазды желі қолданушылары.

Серіктес жаңалықтары