$ 511.92  588.91  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бетіне қарауға ұялдым»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш танысқан сәтін айтып берді

Жас жұбайлар Ақтауда танысқан 

Әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет пен келіні Әдия журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында бір-бірін алғаш қашан көргенін, танысқан сәтін әңгімелеп берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олар бір жыл бұрын Ақтау қаласында танысқан.

«Берекет деген жақын досым Ақтаудан кофейня ашқан. Берекет Әдияның ағасы. Сол жаққа барғанда Әдияны бірінші рет көрдім, ғашық болдым, бірақ барып танысуға батылым бармады, бірден бас салып сөйлесе жөнелуге ыңғайсыздандым. Арада біраз уақыт өтті. Берекет үйленді, тойына бардық, сол кезде Әдиямен екінші рет кездесіп, танысуға бел байладым.  Тойдың алдында үйіне туған-туыс достары жиналған еді. Сол кезде Әдияның аяқ киімін алып беріп, алыстан қарадым. Алайда бетіне тік қарауға ұялдым. Тойда дұрыстап танысып, әрекетін жасадым», -деді Әділет.

Келіншегі Әділетке қалай ғашық болғанын баяндады.

«Тойдан кейін жастар үйге жиналдық, сол кезде Әділеттің жанына отырып қалған едім. Сол кезде Әділет өзінің жігіттігін көрсетіп, қамқорлық танытып, тамағымды салып беріп, сусынымды құйып беріп отырды. Сол сәтте қатты ұнап қалды», - деді Әдия.

Сәкен Майғазиевтің ұлы қазіргі күні отбасылық бизнеспен айналысса, келіні әзірге жұмыс істемейді.

Әділет Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы колледжді және КИПЭП нуиверстетінде қаржы мамандығы бойынша оқыған, ал Әдия Ақтау қаласындағы колледжде қонақ үй бизнес мамандығы бойынша білім алған.

Еске салсақ, жақында Сәкен Майғазиев ұлын үйлендіріп, Алматыда дүркіретіп той жасады.

Серіктес жаңалықтары