Қазақстаннан шыққан кейбір ұшақтар Иран мен Иракты айналып ұшатын болды
Бұл туралы елдегі екі әуе компания мәлім етті

Иран мен Ирак әуе кеңістігін жапқан соң Эйр Астана мен FlyArystan компанияларының кейбір тұрақты және жеке рейстері өзгеретін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Бұл туралы екі компанияның баспасөз қызметі алдын ала хабар таратып отыр.
Қандай бағыттағы рейстер өзгереді
«Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға қатынайтын рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігін айналып ұшады», - деп хабарлайды қося компания.
Бұл ретте олар осы өзгерістерге байланысты кейбір рейстердің кестесі де өзгеретінін ескертіп отыр.
Қазақстан елшілігі Израильдегі өз азаматтары үшін жедел желі ашты
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильде жүрген Қазақстан азаматтары үшін жедел желі ашып, ескерту жасады.
Елшілік төрт телефон нөмірін ұсынды
Қандай да бір қиындыққа тап болған азаматтар Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің мына байланыс нөмірлеріне хабарласа алады:
+972 (3) 503 78 85 (кезекші)
+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)
+7 700 111 31 96 (WhatsApp)
«Сақтық пен қырағылық танытыңыздар»
Елшілік Қазақстан азаматтарын сол елдің әскері бекіткен нұсқаулықты орындап, қырағы болуға шақырды.
«Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына Тыл қолбасшылығының нұсқауларын сақтауға, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Елшілігімен байланыста болуды сұрайды», - деп жазылған елшіліктің ақпаратында.