«Осыған дейін тығылып келдім»: Жұлдыз Әбдікәрімова иен далада фотосессия өткізіп, тағы да ішін көрсетті
Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртастың 4 баласы бар

Актриса Жұлдыз Әбдікірәмова Instagram парақшасында жүкті екенін көрсетіп, тағы да фото-видеоларын жариялады. Ол бұрынғы аяғы ауыр кездері жасырын өткендіктен, бұл жолғысын барынша паш етуге кірісіпті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Осы жүктілігімде өте-өте көп фотосессия мен видео түсіремін. Өйткені осыған дейінгісінде тығылып, үнсіз жүрдім», - деп жазды Қайрат Нұртастың жұбайы.
Сондай-ақ Жұлдыз Әбдікәрімова адам еркіндігі туралы ойын айтқан.
«Адамның көзқарасы жылдар өте келе өзгеріп тұрады. Демек адамның өмірге деген көзқарасы, оның өмірге деген құрметі. Мінің жоқ болып көрінуге тырысудың еш қажеті жоқ. Кемшілігі жоқ адамның артықшылығы да жоқ. Қоғам қалай қарайды, билік қалай қарайды демей, бастысы өмірде өзіңді жоғалтып алмай, шынайы болмысыңмен келісімде еркін өмір сүргеннен артық ештеңе жоқ», - дейді ол.
Актриса бұған дейін 7-ші жүктілігі туралы айтып, елді таңғалдырған еді.