$ 546.36  630.44  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Давай, Ереке!»: Ермахан Ыбрайымов Майғазиевтің ұлының тойында қонақтарды таңғалдырды (ВИДЕО)

 Желі қолданушылары спортшының ширақ қимылына тәнті болды

«Давай, Ереке!»: Ермахан Ыбрайымов Майғазиевтің ұлының тойында қонақтарды таңғалдырды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойында ерекше биімен қонақтарды таңғалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Неге билемеске, билеу керек

Желіде тарап кеткен видеода спортшы ортаға шығып, ынта-шынтасымен, бар өнерін салып билеп жатқанын көруге болады. Ал жиналған жұрт «Давай, Ереке, давай!» деп оған қолдау білдірген.

Желі қолданушылары егде тартқан спортшының ширақ қимылына тәнті болды.

«Олимпиада чемпионы не істесе де жарасады. Сметов те биледі, онда тұрған ештеңе жоқ», «Қазақтын батыры жақсы билейді екен», «Ермахан аға, жарайсың! Өмір жалған, көңілді жүру керек», - деп жазды олар.

Дегенмен «Плакатты да, биді де жыртады екен», «Неге билемеске, билеу керек» деп қағытып жатқандар да бар.

Кенжебек Жанәбіловтің «біртүрлі» биі

Еске сала кетейік, кеше әнші Кенжебек Жанәбіловтің Сәкеннің құдалығындағы биі талқыға түскен болатын. Әннен шашу шашылып, қонақтар билеп жатқанда Кенжебек камераға тіке қарап, бөксесін қимылдатып билейді. Құдалықтың видеосы интернетте тарап кетті. Желі қолданушылары екі ұдай пікір білдірді: кейбіреулер өзіне жарасып тұр десе, енді бірі «біртүрлі» екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары