Сәкеннің құдалығы: Кенжебек Жанәбіловтің "біртүрлі" биі желіде тарап кетті (ВИДЕО)
Желі қолданушылары екі ұдай пікір білдіріп жатыр

«МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловтің құдалықтағы ерекше биі желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Асабаның сөзіне қарағанда құдаларды Сәкен Майғазиев күткен. Әннен шашу шашылып, қонақтар билеп жатқанда Кенжебек Жанәбілов камераға тіке қарап, бөксесін қимылдатып билейді. Құдалықтың видеосы интернетте тарап кетті.
Желі қолданушылары екі ұдай пікір білдіріп жатыр: кейбіреулер өзіне жарасып тұр десе, енді бірі «біртүрлі» екенін айтып жатыр.
«Кенжекбектің қылықтары біртүрлі. Соқталдай азамат деп құдалыққа ертіп барды. Сәкен ортаға шақырып, сыйлық беріп, кит кигізіп жатса, бір аяғын тамадаға көтеріп жатыр. Енді тұрысы мынау, ұят-ай», «Керемет ,біздерге де жұғысты болсын. Кенжебек күшті билеген», «Кенжебектің биін үйреніп алу керек екен», Биі ерсі, биден басқа ештеңе жоқ», - деп жазды олар.
Еске сала кетейік, әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын ақылы түрде көрсетуге шешім қабылдады. Той бүгін өтіп жатыр. Тойды онлайн трансляция арқылы көру үшін әр адам 1380 теңге төлеуі керек. Желідегілер әншінің бұл әрекетін құптамады.
Сәкен Майғазиевтің ұлының тойын онлайн көруді неліктен ақылы еткенін журналст Анна Данченко түсіндірді. Оның сөзінше, жиналған қаражатты той иелері отбасына жұмсамайды, сервер мен операторлардың жұмысының ақысын төлейді.