«Қымбат емес»: Анна Данченко ұлының тойын ақылы көрсететін Сәкен Майғазиевті жақтап сөйледі
Атақты «МузАрттың» әншісі дүркіретіп той өткізгелі жатыр

Сәкен Майғазиевтің ұлының тойын онлайн көруді неліктен ақылы еткенін журналст Анна Данченко түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның сөзінше, жиналған қаражатты той иелері отбасына жұмсамайды, сервер мен операторлардың жұмысының ақысын төлейді.
«Сілтеме ақылы болады айтқан едім. Дұрыс түсініңіздер, мұны мен не болмаса ұйымдастырушылар жасап жатқан жоқ. Тікелей эфирде тойды көрсету үшін арнайы рұқсат алу керек, оның ақшасы бар. Серверге тапсырыс беру керек. Өзінің сомасы үлкен емес, мың теңгеден асады, қымбат емес. Сәкен аға ол ақшаны отбасына жаратпайды. Ол ақшаны ПТС камерамен түсіретін ұжымға төленетенін және серверге берілетін ақша», - деді журналист.
Айта кетсек, әнші ұлы Әділеттің үйлену тойына 2 мыңға жуық қонақ шақырған. Ал онлайн көрермендер үшін ақылы онлайн трансляция ұйымдастырған. Оның ақысы – 1380 теңге болып белгіленген.