$ 538.64  631.56  6.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Менің Куконям»: Жанықұлов ерекше жазба жариялады

Ол жақында некелескен жары Динара Сәтжанмен бірге түскен суретін жариялады

«Менің Куконям»: Жанықұлов ерекше жазба жариялады
Фото: instagram.com/zhumabek_zhanykulov

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күніне орай кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов жұбайы, тележүргізуші Динара Сәтжанды әлеуметтік желіде құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Менің Куконям…»

Instagram парақшасында Жұмабек Жанықұлов жақында некелескен жары Динара Сәтжанмен бірге түскен суретін жариялады.

«Менің Куконям… Барлық БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын!», – деп жазды ол.

Бұл жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында жылы пікір мен талқылауға негіз болды.

28 маусым – БАҚ қызметкерлерінің күні

Қазақстанда 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні ретінде 2019 жылдан бері ресми түрде аталып өтеді. Бұл күн:

  • Журналистер мен редакторлардың еңбегін бағалау,
  • Ақпарат саласындағы жауапты жұмысты насихаттау,
  • Қоғамдық пікір мен ақпарат кеңістігін дамытудағы рөлін атап өтуге арналған.

Жұмабек Жанықұлов пен Динара Сәтжанның некесі

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан жақында тұрмысқа шыққан болатын. Ол күйеуі Жұмабек Жанықұловтан мәһір сұрағанын айтты. Forbes тізіміне енген миллиардер күйеуі Жұмабек Жанықұловтың экс-әйелі талқылап жатыр. Оған дейін екеуінің тойынан видео жарияланды. Динара Сәтжан Instagram желісіндегі оқырмандарымен қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол әлеуметтік желідегі видеолардың бірінде өзіне қатысты ақпаратқа қалжыңмен жауап беріп,  15 баласы бар ер адамға тұрмысқа шыққанын жазған. Сонымен қатар күйеуі Жұмабек Жанықұловпен түскен видеосын жариялап, жұртты сүйсіндірді, әрі балалары мен күйеуінің қарым-қатынасы жайлы түсіндіріп берді. Ол әлеуметтік желісінде жолдасының түрін көрсетіп, тегін ресми түрде ауыстырды.

Бұған дейін тележүргізуші әрі кәсіпкер Динара Сатжан Жеңіс күніне орай Instagram парақшасында арғы атасы Сәтжан Тоқанов жайлы естелігімен бөлісіп, өзінің тегінің шығу тарихын баяндады.

Серіктес жаңалықтары