Жигулидің үстіне шығып алған: Түркістанда полиция ереже бұзған жастардың көлігін «тартып алды» (ВИДЕО)
Түркістан облысында ерекше видео түсіреміз деп жол ережесін бұзғандар жауапқа тартылды
Түркістан облысында жигули көлігінің үстіне шығып алып, ерекше видео түсірмек болғандар полицияның еріксіз назарын аударды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тәртіп сақшылары олардың ісін әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында байқаған.
«Аталған дерек бойынша полицейлер тексеру жүргізіп, оқиғаның Сайрам ауданында болғанын анықтады. Жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі дронға түсірілген. Нәтижесінде ВАЗ автокөліктің 22 жастағы жүргізушісі мен 30 жастағы жолаушысына қатысты жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік шаралар қолданылды. Көлік арнайы тұраққа қойылды», – делінген ПД хабарламасында.
Полиция ерекше видео түсіруге деген ұмтылыс адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді. Мұндай әрекеттер жол апатына ұласып, орны толмас қайғыға себеп болуы мүмкін.