27.04.2025, 21:51
Жаңалықтар
Динара Сәтжан миллиардер күйеуінен мәһірге не сұрады (ВИДЕО)
Олардың некесін Нұрлан имам қиды
Фото: Instagram/dinarasatzhan
Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан жақында тұрмысқа шыққан болатын. Ол күйеуі Жұмабек Жанықұловтан мәһір сұрағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол блогер AQOLEK-ке берген сұхбатында некесін Нұрлан имам Байжігітұлы қиғанын, алайды имам мәһір туралы мүлдем сұрамағанын айтты.
«Мен Нұрлан имамнан мәһір туралы сұрақты күттім. Бірақ ол ешнәрсе сұраған жоқ. Бірақ әрине мәһірім бар. Алайда ол не екенін айтпаймын», - деді Динара Сәтжан.
Айта кетейік, Динара Сәтжан күйеуінің түрін көрсетіп, ресми түрде Жанықұл тегін алғаны хабарланған болатын.
Кәсіпкер Жұмабек Жанықұловтың Forbes тізіміне енген Қазақстандағы дәулетті адамдардың бірі екені белгілі.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы