Қайрат Нұртастың ұлы ауруханаға түсіп қалды
15 жастағы Нарұл жарақат алды

Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың ұлы Нарұл жарақат алып, ауруханаға түсті. Бұл туралы әншінің жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Нарұлдың қолы сынған
Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, 15 жастағы Нарұл велосипедтен құлап, қолын сындырып алған. Қазір ол медициналық бақылауда, ем қабылдап жатыр.
«Дәл бір жыл бұрын Нарұл аттан құлап, сол жақ иығын сындырып еді. Биыл велосипедтен құлап, қолын сындырып отыр», – деп жазды актриса Instagram-дағы жазбасында.
Бір апта бұрын қызы да сол ауруханада болды
Жұлдыздың айтуынша, Нарұл ауруханаға түскеннен бір апта бұрын дәл сол клиникаға үлкен қызын да апарған. Алайда қызының денсаулығы жайлы нақты ақпарат айтылмады.
Қайрат пен Жұлдыз
Айта кету керек, Қайрат Нұртас пен оның жары Жұлдыз Әбдікәрімова – шоу-бизнестегі көп талқыланатын жұптардың бірі. Мысалы, жақында Қайрат Нұртас мұңды әніне секіріп билеймін деп сынға қалған еді. Сонымен қатар ол концертіне келген тыңдармандарының арасынан бойжеткен қыздарды іздеп көзге түскен болатын. Ал одан бұрын жұбайын туған күнімен құттықтаған әнші Қайрат Нұртасқа жұрт ақылын айтты.
Сондай-ақ әншінің әйелі де халықтың сынына жиі ұшырайды. Жуырда Қайрат Нұртастың әйелі қысқа киінемін деп сынға қалған еді. Актриса желідегі парақшасында қысқа белдемше киіп, гүл көтеріп жүрген видеосын жариялаған болатын. Одан бұрын актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жазба жариялап, жұртты ойға қалдырды.