Бүгін, 16:07
Қоғам

Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады

Бұл көмекке үмітті адамдар жеке деректерін өңдеуге міндетті түрде келісім береді

Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
Фото: istockphoto.com

Премьер-министр Олжас Бектенов Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа ережелеріне қол қойды. Қаулыда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Атаулы әлеуметтік төлемді кімдер және қандай жағдайда алатыны жазылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған қаулыға сай, Жаңа жылдан бастап Атаулы әлеуметтік көмек алғысы келген азаматтар өзінің жеке деректерін, банктегі операциялары туралы, яғни, несиесі, ай сайынғы төлемі мен қарыз сомасы туралы деректерін беруге міндетті болады.

Қандай отбасы Атаулы әлеуметтік көмек алмауы мүмкін

Әрбір өтініш берген адамның жеке деректерін комиссия қарап, шешім қабылдайды. Қаулыда АӘК төленбейтін отбасылардың негізгі белгілері былай жазылған:

Бірнеше үйі бар отбасы. Егер отбасының бірнеше үйі болса, онда комиссия атаулы әлеуметтік көмек бермейді. Бірақ, үйдің аумағы әрбір адамға шаққанда 18 шаршы метрден аспаса, үйі апатты жағдайда тұрса, комиссия оны ескеріп, отбасыға жәрдемақы тағайындауы мүмкін.

Кіріс беретін ғимарат. Егер отбасының коммерциялық нысаны болса және ол табыс әкеліп тұрған болса, онда бұл отбасылар да АӘК алмайды.

Жер телімі. Егер отбасының үйі бар бола тұра, жер үй салатын жер телімі болса, комиссия бұл отбасыға да атаулы көмек тағайындамауы мүмкін. Бұндай жер телімдеріне әкімдік кезегінде тұрып, тегін алған жер телімі кірмеді.

Бірнеше көлігі бар отбасылар. Егер отбасының жүріп тұрған бірнеше көлігі болса, Атаулы әлеуметтік көмек төленбеуі мүмкін. Бірақ, бұл ереже көпбалалы отбасы, балаларының І және ІІ топтағы мүгедектігі бар отбасыларға қатысты емес.

Банктегі есепшотының үлкен сомадағы кіріс-шығыс. Егер атаулы әлеуметтік көмекке өтініш жазған отбасының өтініш берер алдындағы тоқсандағы банктік операциялары әр адам басына шаққандағы кедейлік шегінен асып кетсе, АӘК ала алмайды. Бірақ, бұған салық, бюджетке төлейтін міндетті төлемін, сақтандыруы мен отбасының бір-біріне аударған ақшасы жатпайды.

Ірі көлемдегі займ мен микронесиелер. Егер атаулы әлеуметтік көмекке өтініш жазған отбасы өтініш берер алдындағы тоқсанда үйдегі әрбір адамға шаққанда 101 мың теңгеден көп көлемде займ немесе микронесие алса, бұл отбасы да АӘК қағылуы мүмкін.

Депозит.  Егер отбасы 200 АЕК көлемінен көп мөлшерде салым салса, онда комиссия бұл отбасыға да АӘК бермейді. Бірақ, бұл ереже баспана алуға арналған бастапқы жарнаға қатысты емес.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқи аласыздар.