$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.07.2025, 22:30
Спорт

«Дәл қазір мұның орынсыз»: Шавкатты жекпе-жекке шақырған спортшы ыңғайсыз жағдайға қалды

Желі қолданушы Шон Брэдиге дәл қазір мұндай ұсыныстың орынсыз екенін ескертті

«Дәл қазір мұның орынсыз»: Шавкатты жекпе-жекке шақырған спортшы ыңғайсыз жағдайға қалды
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде екінші орында тұрған Шон Брэди жуырда осы дивизиондағы қазақстандық жұлдыз Шавкат Рахмоновқа жекпе-жекке шығу туралы ұсыныс жасаған еді. Бірақ спортшы ол кезде Шавкаттың отбасындағы жағдай туралы естімеген болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

BradyBagz атты подкастың соңғы шығарылымында Брэди қараша айында Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden аренасында «Номадпен» айқасуға дайын екенін мәлімдеген болатын. Бұл сөзін ол Instagram парақшасында да бөлісті. Алайда жазба астында бір қолданушы дәл қазір мұндай ұсыныстың орынсыз екенін ескертіп, Шавкаттың әйелі мен ұлы жақында жол апатына түскенін еске салды.

Оған жауап ретінде америкалық файтер:

«Біз бұл подкасты жексенбі күні таңертең жаздық. Бұл жағдай туралы мүлдем хабарым болған жоқ. Зардап шеккендердің бәрі үшін дұғадамын», – деп жазды.

Айта кетері, 27 шілде күні Алматы – Екатеринбург тас жолында Шавкат Рахмоновтың жұбайы тізгіндеген Toyota Land Cruiser 200 көлігі жол апатына ұшырады. Автокөлікте төрт адам отырған, оның ішінде спортшының ұлы да бар. Жол апаты салдарынан 39 және 35 жастағы екі әйел көз жұмды, ал Рахмоновтың отбасы мүшелері Шу қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Оқиға болған күні Шавкат Абу-Дабиде өткен UFC турниріне барып, өзінің командаласы Асу Алмабаевтың бұрышында тұрған еді.

Серіктес жаңалықтары