$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ауыр жағдай»: Шавкат Рахмоновтың отбасы қайғылы жол апатынан кейін мәлімдеме жасады

Спортшының қарындасы жарақат алған жеңгесі туралы айтты

«Ауыр жағдай»: Шавкат Рахмоновтың отбасы қайғылы жол апатынан кейін мәлімдеме жасады
Фото: Instagram/shavkatrakhmonov94

Қоян-қолтық ұрыстан үш дүркін әлем чемпионы Сора Рахмонова ағасы Шавкат Рахмоновтың басына түскен жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сора Рахмонова жеңгесінің жол апатынан жарақат алғанын айтып өтті.

«Ағамның отбасындағы жағдайға алаңдап, хабарласып жатқандарға Алла разы болсын! Мұндай ауыр жағдай ешкімнің басына келмесін! Ертең не боларын бір Алла біледі...

Жеңгеме Алла жар болсын! Екі бірдей жақынынан айырылып, өзі де жарақат алды.

Қайтыс болған жандардың иманы жолдас болсын! Жандары жәннатта болғай!» – деп жазды Шавкат Рахмоновтың қарындасы.

Айта кетейік, Алматы-Екатеринбург тасжолында UFC шебері Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жантүршігерлік жол апатына ұшырағаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары