$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.07.2025, 23:59
Спорт

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи қола медальді жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар Францияны ойсырата ұтты

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи қола медальді жеңіп алды
Фото: Olympic.kz

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Тбилиси (Грузия) қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Семсер қаруымен айқасудан командалық жарыста ел намысын Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов және Кирилл Проходов қорғады.

«Үшінші орын үшін өткен кездесуде қазақстандық спортшылар әйгілі Франция құрамасымен сайысқа түсті. Біздің семсерлесушілер кездесудің басынан-ақ басымдық танытып, артықшылықты соңына дейін сақтап қалды. Нәтижесінде 45:31 есебімен жеңіске жетті», - деп жазылған хабарламада.

Осылайша, Қазақстан тарихта алғаш рет әлем чемпионатының командалық жарысында медаль жеңіп алды.

Айта кетері, 2023 жылы Руслан Курбанов жекелей сында елге тарихи қола медаль әкелген болатын.

Серіктес жаңалықтары