Қазақстанның ерлер құрамасы шпагадан әлем чемпионатының қола медалі үшін таласады
Жарыс Грузия өтіп жатыр

Тбилиси қаласында (Грузия) өтіп жатқан шпагадан фехтование бойынша әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы жартылай финалға дейін жетіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кирилл Проходов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов және Эльмир Алимжановтан құралған ұлттық құрамамыз жартылай финалда 2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері – Жапония құрамасымен кездесіп, аса тартысты бәсекеде 41:42 есебімен жеңіліп қалды.
Қазақ шпажистері матчтың басым бөлігінде есепте алда келе жатқанымен, кездесудің соңғы кезеңінде жапон спортшылары есепті теңестіріп, шешуші соққы жасап, жеңісті жұлып алды. Бұл нәтиже ұлттық құрама үшін өкінішті болғанымен, жоғары деңгейдегі дайындық пен шеберліктің айқын дәлелі болды.
Қазақстан құрамасы қола жүлде үшін Венгрия мен Франция арасындағы кездесуде жеңілген командамен жекпе-жекке шығады. Бұл бәсеке үшінші орын тағдырын шешетін маңызды матч болмақ.
Фехтование спорты Қазақстанда белсенді дамып келеді. Соңғы жылдары бұл спорт түрінен халықаралық деңгейде жетістіктер артып келеді. Команданың бұл жолғы нәтижесі — Қазақстан фехтованиясының жаңа деңгейге шыққанын дәлелдейді.